QAISAR әскери-патриоттық ойындарының іріктеу кезеңі

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери дайындықты жетілдіру және командалық рухты қалыптастыру мақсатында QAISAR әскери-патриоттық ойындарының қалалық іріктеу кезеңі өтеді.
Бұл маңызды кезеңде қатысушылар келесі бағыттар бойынша сынға түседі:
Саптық дайындық
Әскери эстафета
Пневматикалық қарумен ату
Жгутпен алғашқы көмек көрсету
Тактикалық тапсырмаларды орындау
Қазылар алқасы алдында команданың таныстырылымы
Ойын барысында жас сарбаздар өз ептіліктері мен бірлік таныта білу қабілеттерін сынайды.
Іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен команда республикалық финалға жолдама алады.
Болашақ жауынгерлерге сәттілік тілейміз!