5-11 сынып оқушылары Kundelik.kz электрондық күнделікке қойылған үздік бағалар үшін бонустар ала алады.
Kundelik жүйесінде алынған әрбір 10 ФБ үшін Halyk Easy картасы болған жағдайда оқушыға бонустық шотқа 100 бонус түседі. Оларды Halyk қосымшасында да, Halyk POS-терминалдары бар кез-келген мекемеде де жұмсауға болады.
Бұл науқан ата-ана үшін де, бала үшін де көптеген артықшылықтарға ие. Бұл оқушының қаржылық сауаттылығын дамытады, смартфон арқылы сатып алу ақысын төлеуді жеңілдетеді, Halyk қосымшасынан Kundelik-ке оңай және тез кіруге мүмкіндік береді.
Науқан әр ай сайын жеңімпаздарды анықтап, жүлделі сыйақысын табыстап тұрады. 2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназиясының 10 сынып оқушысы Жумабаева Дарина ең көп максималды баллдық формативті бағалары үшін 100 000 теңге ұтысқа ие болды.
Ұтысты 2025 жылдың 21 ақпаны күні қала әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен, «Күнделік» платформасының атқарушы директоры Ильясов Мұхтар, «Халық банк» Шымкент қаласы бойынша директоры орынбасары Н.Томин келіп табыстау рәсімін жасады.
Шымкент қаласының білім беру ұйымдарын әдістемелік сүйемелдеу, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау