









<br>«Педагогикалық дуэт» жобасы аясында Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің базасында Шымкент қаласының Әдістемелік орталығы мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы КДИФ бірлесе отырып, «Ең үздік Экодизайн» байқауын ұйымдастырды.
Байқауға қала мектептерінен 70 оқушы және Түркістан облысы бойынша 50-ге жуық оқушы жетекшілерімен бірге өз қолдарынан жасаған жұмыстарынан көрме қойды.
Байқаудың мақсаты – балаларға экологиялық білім беру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру және қалдықтарды қайта өңдеу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазылар алқасы байқау жұмыстарының сапасын бағалап, жеңімпаздарды марапаттады. Жұмыстардың нәтижелері шығармашылық пен экологиялық ойлаудың жоғары деңгейін көрсетіп, қатысушылардың өнерін шыңдауға мүмкіндік берді.