Шымкент қаласы “kundelik.kz” электрондық журналын жүргізу бойынша елімізде көш бастап тұр

Шымкент қаласы “kundelik.kz” электрондық журналын жүргізу бойынша елімізде көш бастап тұр "АЛТЫН БЕЛГІ" СЕГІЗІНШІ РЕТ ШЫМКЕНТТІҢ ҚАНЖЫҒАСЫНДА Мұғалімдердің КҮНДЕЛІКТІ талапқа сай электронды журналды жауапкершілікпен толтыруы, АПТА сайынғы мониторингтік талдау, жіберілген кемшіліктерге УАҚЫТЫНДА әдістемелік қолдаулар көрсету, журналды жүргізудегі ҰДАЙЫ бақылау, АЙ САЙЫНҒЫ оқыту, ақпараттық семинарлар ұйымдастыру, жүйедегі жаңалықтарды ДЕР КЕЗІНДЕ жариялау және жүзеге асыру – бұл өңір педагогтерінің үйреншікті жұмысына айналды. Шымкент қаласының білім ұйымдары қолданыстағы электронды журналды жүйелі толтыруда республика кесіндісінде тағы да көш бастап, компания ұсынған «АЛТЫН БЕЛГІ» марапатына ие болды. Бұл жолғы марапат қатарынан СЕГІЗІНШІ МӘРТЕ!

Facebook
Twitter
Telegram
WhatsApp
Email
Threads
VK