2025 жылдың 13 наурызында Әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптарда оқу сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбындағы вебинар өткізілді. Вебинардың негізгі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларында оқу сауаттылығын қалыптастырып, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдістер мен әдістемелік ұсынымдар ұсынылды. Вебинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып, кері байланыстар жасады.